{metadescription}
Мәскеуде қазақстандық студент мұғалімін өлтірмек болды деген күдікке ілінді
Мәскеуде қазақстандық студент мұғалімін өлтірмек болды деген күдікке ілінді

Мәскеуде қазақстандық студент мұғалімін өлтірмек болды деген күдікке ілінді

Ресейде оқытушыны пышақтады деген күдікпен қазақстандық студент шатылып жатыр. Ол өзі білім алған Мәскеудегі Бауман атындағы техникалық университеттің қызметкеріне суық қару сұғып алған. Зардап шеккен 28 жастағы оқытушы қазір ауруханада хал үстінде жатыр.

Айбек СМАДИЯРОВ ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Біздің азамат Мәскеу қаласында 30 тамызға дейін уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оған денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылуда. Біздің консул Мәскеуге барып ол азаматпен кездесті. Ол ұсталуы бойынша ешқандай шағым айтқан жоқ.

Оқыс оқиға жоғарғы оқу орнының дәретханасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқытушыны аңдыған күдікті әй-шайға қарамастан оның ту сыртынан пышақ сұғып, ізін суытқан. Оқиғаның көз ілеспес жылдамдықпен болғаны соншалықты, мұғалімнің өзі студенттің бет-жүзін көріп үлгермепті. Қазақ студенті көп ұзамай жатақханада құрықталды. Пышақ 28 жастағы мұғалімнің бауырына тиіп, оған шұғыл ота жасалған. Белгілі болғандай, Байқоңыр қаласының тумасы Жасұлан Құдайбергенов сабаққа қатыспағаны және оқу ақысын төлемегені үшін маусым айының басында Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінен шығарылыпты. Қазақстандық азаматпен бірінші курстан бірге оқыған құрдастары Жасұлан сабақтан қалмайтын өте қабілетті студент болған дейді. Қазір тәлімгер мен оқытушының арасында қандай байланыс бары және оны мұндай қылмысқа не итермелегені анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде