{metadescription}
Сергей Хорошунға ауыр айып таққан кәсіпкер кім?
Сергей Хорошунға ауыр айып таққан кәсіпкер кім?

Сергей Хорошунға ауыр айып таққан кәсіпкер кім?

Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун қылмыстық істің фигурантына айналуы мүмкін.  Бүгін Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро осындай мәлімдеме жасады.  Өйткені Хорошунның үстінен  ірі құрылыс компаниясының басшысы  арыз түсірген. Елорда әкімдігінде ұзақ жылдар  бойы жұмыс істеп келе жатқан лауазымды шенеуніктің қалталы кәсіпкерден ауызбастырық талап етті деген күдікке ілініп отыр.

- Хорошунға қатысты сот алды тергеуінің басталуы Астана әкімдігін бір дүрліктіріп тастады. Ең дауы бітпейтін салаға жауап беретін Исекешовтің оң қолын айыптап отырған танымал   кәсіпкерлердің бірі.  Енді  оның қандай нақты айғақтары барын ұлттық бюро  қызметкерлері анықтауы тиіс.

Ал  52 жастағы лауазымды  шенеунікті қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан «Тамыз инвест групп» құрылыс компаниясының басшысы, «парақор» деп кінәлап, Ұлттық бюроға арыз жазған. Онда Фаррух Машуров көп қабатты тұрғын үй салуға рұқсат алу үшін, Хорошунға қалай ауызбастырық бергенін жазыпты. Қазір тергеушілер бұл мәліметті дереу тексеруге кірісті.

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

-Сотқа дейінгі тергеу жүруде. Арызда Машуров, «Тамыз инвест групп» құрылысы компаниясының басшысы бола отырып, Хорошунға қамқорлық жасау үшін мүлкін беріп отырғаны жазылған. Қазіргі кезде Машуровтың дәлелдері барлығы тексерілуде.

Бірақ, дауға  қалған  Хорошунның өзі қызметінен шеттетілмеген. Жұмысында жүр. Десе де, кез-келген уақытта Ұлттық бюро қызметкерлерінің сұрағына жауап беріп, тергеуге көмектесуі тиіс. Жалпы, ол Елорда әкімінің бірінші орынбасары креслосында 12 жылға жуық отыр.   "Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын" Хорошун сәулет және қала құрылысы, коммуналды шаруашылық пен жер қатынастарына жауап береді. Әрі ол қызмет еткен уақыт ішінде Астанада төрт әкім ауысыпты.

-Мынау ақшаны қалай түсіндіресіз? Жаңа айттым ғой кәсіпкер кіріп шығып кетті.

Жалпы, жемқорлықпен күрес қызметкерлері осы аптада полицей, салықшыдан бастап әкімдіктің лауазымды қызметкеріне дейін пара алып жатқанда ұстаған. Мәселен, мына видеода Түркістан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары кәсіпкерден  бір жарым миллион теңге алып жатқанда қолға түсті. Ал, бұл  Қостанай облыстық әкімдігінің басқарма басшылары ұсталған сәт. Мемлекеттік сатып алуды майшелпекке айналдырғандар 30 миллионға жуық ауызбастырық алған. Шатылып жатқандардың арасында Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары бар. Ол 12 миллионға жуық бюджет ақшасын қалтаға басқан.

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

-Жалпы Аңшыбаевқа және өзге де тұлғаларға қатысты 5 қылмыстық іс тіркелді. Аңшыбаев қазір қамауда. Ұстау туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аңшыбаев пен оның сыбайластары ғана емес, пара алып ұсталған өзге де күдіктілер уақытша қамау абақтысында жатыр. Енді бұлардың кінәсі дәлелденсе, бірнеше жыл бостандық көрмеуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде