{metadescription}
​Елбасына Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілді
​Елбасына Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілді

​Елбасына Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілді

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы заң күшіне енді.

Аталған заң еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. Құжатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне -Елбасына оның тариxи миссиясына байланысты Қауіпсіздік Кеңесін Төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі екені жазылған. Заң бойынша, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен келісе отырып қалыптастырады. Биылғы мамыр айында парламент осы заңды қабылдап, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 5 шілде күні құжатқа қол қойған болатын. Қауіпсізлік кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және мемлекеттің тәуелсіздігін қорғауға қатысты шешім қабылдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде