{metadescription}
Күнгейдегі жұртқа қарақұрт қырғидай тиіп жатыр
Күнгейдегі жұртқа қарақұрт қырғидай тиіп жатыр

Күнгейдегі жұртқа қарақұрт қырғидай тиіп жатыр

Бүгінге дейін Шымкенттің өзінде улы жәндік шаққан 26 адам ауруханадан бір-ақ шығыпты. Бір қызығы олардың барлығын қара бүйі үйінде шағып отыр. Ал, ыстық күндердің алда екенін ескерсек қарақұрттан зардап шегетіндер саны еселеп артуы әбден мүмкін.

Күн ысыған сайын күнгейліктердің зәресін алатын қарақұрт та қаптай бастады. Бір айдан сәл астам уақыт ішінде Шымкенттің өзінде көзге көрінер-көрінбес зиянкестен зардап шеккен 26 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Оның 5-уі бала. Айта кетерлігі азап көргендердің барлығын дерлік қара бүйі үйінде шағыпты. 42 жастағы Мұхтар Айтбаевты да қарақұрт аулада ұйықтап жатқан кезінде шаққан. 5 күннен бері төсекке таңылған ол, зиянкес жәндік жанындағы келіншегі мен 5 қызына тимегеніне шүкір дейді.

Мұхтар Айтбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Өрмекші мына жерімді шақты. Содан ұйи бастады. Содан жүрек қысып, жедел жәрдем шақырдық. Белден былай қақсап, жүргізбей қойды.

Қарақұрт шаққанның алғашқы белгілері іш ауырып, аяқ-қол қақсап, аса терлегіштік пайда болып,  дем жетпей кетеді. Мұндай симптом болса бірден жедел-жәрдем шақыру керек дейді дәрігерлер. Себебі, жылқыны 4, түйені 6 сағатта-ақ сеспей қатыратын жәндік адамға да аса қауіпті. Статистика бойынша қарақұрт тиген 4 адамның біреуі өледі.

Асылхан Мыңбосынов, токсиколог-дәрігер: 

Құрсай, Қазығұрт, Қайнарбұлақ ауданында көп. Көбісі саяжайлар ғой.   Жер үйлер көбінесе.  Ауырсыну симптомдарын басамыз, дезинтексикация жүргіземіз. 

-Қарақұрт маусымдық жәндік. Уыты күшейіп, жалпы аса белсенділік танытатын шағы 3 ай жаз кезі. Улы жәндік әсіресе құрылыс алаңдары, тақырлар мен арықтарда көп кездеседі. Оның үстіне жаздың жартысы әлі алда екенін және өрмекшінің бір салғанда мыңнан астам жұмыртқа салатын ескерсек, зиянкестен барынша сақтанған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде