{metadescription}
+43 : Аптап ыстықтың беті қайтар емес
Батыста ыстық, Шығыста мамыражай жаз!Шілденің шіліңгір ыстығы Оңтүстік пен Батыс аймақтарда қайта басталады. Мұнда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілмек. Мамандар мұны Сирия мен Ирактан жететін тропикалық ыстық ауа ағымдарымен байланыстырып отыр. Есесіне, Шығыс Қазақстандықтар салқын самалмен тыныстайды. Жаймашуақ ауа райын Батыс Сібірден ауған антициклон әкелмек. Кейбір жерлерде жаңбыр жауып, жел тұрып, найзағай жарқылайды.
Автор: Әсем Лесбек
13.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!