Астанада жаңбыр біраз жолаушыны пойызынан қалдыра жаздады
Астана вокзалын топан су басты! Төпелеп жауған жауыннан кейін бас қалаға кіретін қақпаның алды көлшікке айналған. Сондықтан көлік нөпірі көп ескі вокзалда жол қозғалысы қиындап, жүргізушілерді әбден әбігерге салды. Ал, пойызына асыққан жұрт жалаңаяқ су кешіп жүр. Жалпы, қатты жауын жауса, Елорда екінші Венецияға айналып шыға келеді. Өйткені, жиналған жаңбыр суы ағып кетуі үшін жөнді арық жүйесі жоқ. Сондықтан күтпеген жерден жұмысы еселенген коммуналшылар зорға дегенде суды сорғызып, қозғалысты ретке келтіріп жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
13.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары