Франция әлде Хорватия? Кім чемпион атанады?
Қазақстан әлем біріншілігі кезінде салықтан жалтарған букмекерлік кеңселермен алысып жатқанда әлем мундиальдың ақтық ойындарына қызу дайындықты бастап кетті. Франция финалдық ойынды тамашалау үшін Эйфель мұнарасының маңына үлкен экран қоймақшы.
13.07.2018
Сондықтан Париж билігі туристер ең көп келетін орынды біраз уақытқа жауып тастайды. Ал 32 команданың ішінен іріктеліп шыққан Франция мен Хорватияның кездесуі 15 шілде кешке өтеді. Франция жартылай финалда Бельгияны ұтса, Хорватия ағылшындарды жеңген еді. Бұл ойындарды екі елдің басшылары да арнайы Ресейге келіп стадионнан тамашалады. Енді Эммануэль Макрон келіп, Колинда Грабар-Китаровичпен шешуші ойында да стадионнан өз командаларына қолдау білдіреді. Жартылай финалда сүрінген Бельгия мен Ұлыбритания құрамалары болса үшінші орын үшін кездесуі ертеңге жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!