{metadescription}
0:000:00
Қазақстанда келімсектерге салық салынбақ

Қазақстанда келімсектерге салық салынбақ

Келімсектер ай сайын 10 мың теңге төлесін! Қазір Миграциялық процесстерді ретту туралы заңға осындай өзгеріс енгізу ұсынылды.   Мақсаты -ішкі еңбек нарығын.

Шетелдіктерге ықтиярхат яғни осында тұруға рұқсат ететін құжатты рәсімдеу құны су тегін деуге де болады. Содықтан қазына бүйірі тесіліп, қып-қызыл шығынға батып жатыр екен. Мәселен, келімсек Қазақстан аумағында тұру құқығын растайтын құжатқа  0,2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни бар жоғы 480 теңге төлейді. Ал, оны іс жүзінде  дайындауға мемлекет 4017 теңгесін жұмсайды.

Енді есептеп көрейік. Статистика бойынша жылына елге орташа 20-24 мың шетелдік ағылады. Осылайша, оларды тіркейтін құжаттың өзіне 80 миллион теңге босқа шығындалады.  Бұл ақшаға Алматыда құны 24 млн теңгелік бір емес, сабаннан үш тиіннің мүсінін қоюға болар ма еді деген ойға кетесің. Бірақ, шығын төңірегіндегі шырғалаң туралы осыған дейін ешкімнің жақ ашпағаны түсініксіз. Биліктегілер енді ғана оянып, гастарбейтерлердің мәселесін май шаммен қарап жатыр.

Заң жобасындағы түзету мұнымен шектелмейді. Шағын кәсіпорындар бұдан былай  ары кетсе тек 5 иммигрантпен ғана келісім-шартқа отырып, қолы қысқаруы мүмкін. Өзгеріс күшіне енсе,  әсіресе өзбек ағайындарды ондап жалдап, құрылысқа салатын қазекеңе қиын болайын деп тұр. Бірақ, ережені елемей, заңды пысқырмай жүргендер жетеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  гастарбейтерлерді талапты бұзып жұмысқа жеккен 2 мыңдай жұмыс беруші жауапқа тартылады. Соңғы үш жылда статистика өспесе, сиремей тұр. Ал, заңды белшесінен басқан келімсектер одан он есеге көп. Жыл сайын орташа 12 мыңнан астам жалдануға келген шетелдік азамат әкімшілік жазаның қырына ілігеді.

Айналып келгенде, гастарбейтерлерді ай сайын 10 мың теңге төлеуге міндеттеу еңбек нарығындағы жағдайды реттеп, қазына шығынын азайтады дейді заң жобасының авторлары. Бірақ, салық көбейгенмен, саладағы салақтық азаяр ма? Ол жағын дөп басып айту қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.