Шелектегі аурухана төңірегіндегі дауға Біртанов араласты
Алматы облысындағы атышулы Шелек ауылының ауруханасын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз бақылауына алды. Еліміздің бас дәрігері тозығы жеткен емдеу мекемесін жөндеуге бюджеттен қаржы сұрап отыр.
13.07.2018
Елжан БІРТАНОВ ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Біз қазір Қаржы министріне қажетті ұсыныс жібердік. Бұл мәселе кешегі республикалық бюджет комиссияда қаралды. Жақында шешім шығады. Шешім шыққан соң жөндеу жасауға мүмкіндік болады.
Еске салсақ, екінші шілдеде Алматы облысы Шелек ауылындағы аурухана аумағында қайғылы оқиға орын алған еді. Кәріз құдығын тазалауға түскен екі сантехник газдан уланып, қайтыс болды. Оларды құтқарғысы келген дәрігер де тілге келместен ажал құшты. Бұл оқиғадан кейін ауыл тұрғындары мен медициналық мекеменің қызметкерлері аурухандағы бар былықты жайып салған. Көп ұзамай аурухананың бас дәрігері Жақып Желеуов өз еркімен қызметін босатты. Ал, 3 адамның өлімінің қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары