{metadescription}
0:000:00
Алматыда мыңнан аса адам жүгіруден жарысқа түсті

Алматыда мыңнан аса адам жүгіруден жарысқа түсті

Балалардан бастап шымыр қарттарға дейін 12 шақырым қашықтықты бағындырған. Олар өз бақтарын сынау үшін аптап ыстыққа да қарамады.

Дәулет Бекқожаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бүгін 12 километр болды, оны 47 минут 32 секундта жүгіріп өттім. Бұдан да тез жүгірген кездерім болған. Кішкене формада емеспін. Бірақ, осындай жарыстар арқылы қателіктерімізді түзеп, одан әрі дайындаламыз.

Жаппай жүгіру бұл жолы Атакент кешенінде болды. Көпшілік тек көрме өтетін жер деп қабылдайтын аумақ алғаш рет кәдуілгі спорт алаңына айналғандай. Ұйымдастырушылардың бұл жолғы таңдауына қатысушылар дән риза болды. Көппен бірге жүгіру үшін таңмен таласа тұрған тұрғындар бір-бір медальмен марапатталған. Ал, финишке ең бірінші болып жеткендерге ақшалай сыйлықтар табысталды. Жазғы жүгіріс дәстүрлі «Алматы марафонына» дайындық ретінде ұйымдастырылғанын айта кетейік.

Құралай Ермекбаева, жазғы жүгірісті ұйымдастырушы:

-Бұл жүгіріс біздің 4 жүгірістің бірі. Алматы марафонға дайындық бойынша ұйымдастырылады.   Негізгі мақсатымыз жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға шақыру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.