Елімізде декреттік демалысқа аналар ғана емес, әкелер де кетіп жатыр
Ер азаматтарға бала күту жеңіл болу үшін Проктер энд Гэмбл жаялықтардың жаңа түрін шығарды. Жаңа өнім Pampers Premium Care жөргектерінің жетілдірген түрі.
Автор: Әсем Лесбек
17.07.2018
Өмірге сәби шыр етіп келгеннен бастап әр отбасыда тыныштық бұзылатыны анық. Бала үшін түн ұйқысын төрт бөліп, үйдің ұйытқысына айналған аналардың жұмысы көбейе түсері белгілі. Алайда, қазір ер азаматтар да сәбилерін жуындырып, жаялықтарды ауыстырып, барынша ат салысады. Бұл орайда, жаңа өнім Проктер энд Гэмбл -дің басшылары да сәби күтіміне араласатын әкелердің саны артқандығын айтады.
ОЛЬГА ВОРОНОВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН МОҢҒОЛИЯ БОЙЫНША PROCTER&GAMBLE БАС ДИРЕКТОРЫ:
-Қазіргі таңда бала тәрбиесімен тек әйелдер ғана емес әкелердің де айналысуы қалыпты түсінік. Ер адам, отбасын асырап қана қоймай, сәбиіне де көңіл бөлгені абзал. Ал, бұл тұрғыда әр жанұяға татулық пен бірлікті қалыптастыратын «Отбасы 2.0» жобасы ұтымды жасалған.
Pampers Premium Care -нің бұл жаңа жобасы еліміз бойынша іске қосылды. Енді жаңа ата-ана атанған отбасылар бұл жобаға келіп өздерінің түрлі эмоцияларынмен бөлісе алады. «Отбасы 2.0» жобасына әйгілі fashion блогері Маржан Маркаметова да қатысқан. Ол мұндай шараға еліміздегі барлық отбасы ат салысса екен дейді. Сондай-ақ, блогер Проктер энд Гэмбл -дің шығарған жаңа өнімін мақтап, жібек тәріздес жұмсақ жөргектер ана мен бала өмірін жақсартатынын айтады.
Маржан Маркаметова, fashion-блогер:
-Теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы бар бұл өнім, маған қатты ұнады. Сәбиімнің терісін тітіркендірмей оған жайлылық сыйлайды.
Сондай-ақ жаңа жөргектер құрғақтықты 12 сағатқа дейін қамтамасыз етеді. Әрі теріні ерекше қорғайды. Жібек тәріздес жұмсақ өнім сатылымға шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!