Атырау қою түтінге тұншығып жатыр
Қала сыртындағы «Ақ жайық» табиғи резерватынан шыққан өрт әп сәтте резерваттың 7 гектарын отқа ораған. Алапат өрттен шыққан қалың түтін бірден қаланың өзін де жаулап алды.
Автор: Бек Әбиев
17.07.2018
Түтіннің қоюлығы сондай жұрт демалудан, ал автокөліктер жүруден қалған. Кешелі бері қызыл жалынмен алысып жатқан төтенше жағдайлар өкілдері өрттің шығуына найзағайдың қамысқа түскені себеп деп болжайды. Қазірдің өзінде резерваттың 20 гектары жанып жатыр. Оны ауыздықтауға 20 шақты өрт сөндіруші мен мемлекеттік табиғи резерваттың 30-дан аса қызметкері жұмылдырылған. Төтеншеліктердің болжамынша Атырау жұрты түтіннен әлі құтыла қоймайтын сияқты. Себебі, Жайықтың сағасындағы өртеніп жатқан қамысқа мамандардың жете алатын түрі жоқ.
Нұрлан Жаңабаев, Атырау қалалық ТЖБ бастығы:
-Теңіздің жағалауы болғандықтан және су болғандықтан барып өшіру мүмкіндігі болмай жатыр . Енді резерваттағы өрт бұл жыл сайын болады. Бұл енді бірнеше себебі бар. Бұл жерде адами факторда бар, табиғи факторда бар. Табиғи фактор деп алатын болсақ бағанағы найзағайдың кесірі. Ал адами фактор балық аулауға барғанда бұл жерде аң аулауға шыққандар қызметкерлердің айтуынша өртеп кетеді деген болжам бар енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары