{metadescription}
0:000:00
Алматыда әкімдіктің  суағарларға қатысты жаңа әдісі сәулетшілерге жақпай қалды

Алматыда әкімдіктің суағарларға қатысты жаңа әдісі сәулетшілерге жақпай қалды

Жаңбырдан кейін су басып қалатын Алматы билігі бұл жағдайдың алдын алу үшін жаңа әдіс ойлап тапты. Ол  жол бойындағы асфальттың орнына тас төсемекші. Жолдарды бұзуға кірісіп кеткен әкімдіктегілердің әрекетін сәулетшілер сынға алды. Олар тас төсенішке қыруар ақша жұмсағанша суағарларды жаңарту әлдеқайда тиімді деп отыр.

Алматыда жаңбыр жауса қала көшелері көлге айналатынына көз үйренген. Уақытылы тазаланбайтын арық жүйелерінің аузы-мұрны күл-қоқысқа толып, салдарынан қарапайым халық толарсақтан су кешіп жүруге мәжбүр. Көлік қозғалысына да кесірін келтірмей қоймайды.

Жыл сайын толассыз жаңбырдан кейін сумен алысатын алматылықтардың билік өкілдеріне арыз-шағымдары да азаймай тұр. Мұны ескерген қала билігі жауыр болған мәселені шешу үшін жаяу жүргіншілер жолындағы асфальтты тас төсеуішке ауыстырып жатыр. Атқамінерлер енді су сыртқа жайылмай, тікелей арық жүйелеріне ағады дейді.

Алмасхан АХМЕТЖАНОВ Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

-Нөсер жауын болса, су сыртқа ағып, жолдар көлге айналады.Оған тосқауыл болатын біз  тас төсеуге кірістік. Ол суды жақсы сіңіреді. Жалпы, бұл тастардың пайдасы орасан зор.

Сәулетші мамандар бұл бастама ақшаны далаға шашқанмен бірдей деген пікірде. Айтуларынша, тасқа жұмсалған қаражатқа суағарларды жаңартып, жауын суы құйылатын арналарды жасау тиімдірек. Себебі, тез бітелетін тас төсеуіштің ғұмыры қысқа.

Руслан МЭЛС сәулетші:

-Біздің жер қабаттарымыз суды сіңірмейді. Тауға жақын орналасқандықтан еңістік уклон бар ғой. Сондықтан су бірден сіңбейді.Біз қыс мезгілінде асфальттарды жумаймыз. Мұздай қорғайтын химиялық заттар, топырақ бар. Ол уақыты өте келе арасы толады. Яғни, көп уақытқа жарамайды.

Сондай-ақ, мамандар көше бойындағы арықтардың көлемін ұлғайтып, түбін тереңдетуді де ұсынып отыр. Айта кетейік,  тас төсеуіштер Абай даңғылының 6 шақырымдай бөлігіне салынады деп жоспарланған. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде