{metadescription}
Бразилияда жол апатынан 8 адам қайтыс болды
Тағы 52 жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға елдің оңтүстік шығысындағы Минас-Жерайс штатында болған. Полицейлердің айтуынша трассада бес жеңіл, төрт жүк көлігі және бір автобус қақтығысқан. Бірі жанармай тасымалдайтын жүк көлігі. Ол жарылып, оқиға орны отқа ораныпты. Салдарынан қайтыс болған сегіз адамның төртеуі түгі қалмай жанып кеткен. Марқұмдар саны әлі де артуы мүмкін. Себебі дәрігерлер жарақат алғандардың көбінің жағдайы мүшкіл деп отыр. Апат болған трассада қозғалыс толықтай тоқтатылған.
17.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!