{metadescription}
0:000:00
Путинге жағына сөйлеген Трамп сынның астында қалды

Путинге жағына сөйлеген Трамп сынның астында қалды

Дональдқа долданды. Хельсинкиде өткен Путинмен кездесуден кейін Трампқа Америка саясаткерлері сынды қарша боратты. Өйткені, АҚШ президенті Путиннің сайлауға араласпадық деген сөзіне ешқандай уәж келтірмеген. Осылайша Барлау қызметінің абыройы айрандай төгілді дегендер Трамптың әбестігі еш ақтауға келмейді деген пікірде. Бастары бір қазанға сыймай келген екі держава президенттерінің Финляндиядағы бұл бірлескен бірінші саммиттері.

Қырғи-қабақтың өзі киімге жұққандай ма?Трамп Путинмен кездесуге президент тағына отырғанда таққан қызыл түсті галстукпен келген. Оның қызылға құмарлығын сарапшылар осы түстің жеңісті білдіруімен байланыстырады. Ал, Ресей президенті салқынқанды ақ-қара түсті галстукты таңдауды жөн көргендей. Санкциямен соғысқандардың содан бері бастары бірінші рет тоғысуы осы. Негізгі әңгіме есіктің арғы бетінде айтылды. Тек екі сағатқа созылған шүйлігу, я шүйіркелесуден кейін екі президент тілшілер алдына шықты. Жайшылықта жайпап өтердей сөйлейтін Трамптың бұл жолғы  қарқыны да бәсең тартқан.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

-Біздің қарым-қатынасымыз осыншалықты деңгейге дейін түспеген еді. Бірақ, бәрі төрт сағат бұрын өзгерді. Мен шынында да бәрі дұрыс боларына сенем.

Дональдтың былайша айтқанда Путиннің алдында ләппайлап, бұрынғы айтқандарынан айнуын конресс пен сенаторлар қатаң сын қырына алды. Ұлттық Барлау қызметінің директоры Дэн Коутстің Ресейдің АҚШ тағы сайлауға араласқанына күмәні жоқ. Ал, сенатор Чак Шумер Трапмты Путин жағына шығып, өзінің құзырлы органдарына қарсы шықты деп айтыптап отыр. Конгрессмен Адам Шифф болса Дональдқа қорқақ деген баға берді. Өзекті тақырыпта Владимир Путин өз дегенінен қайтпай, барлық айыптауларды жоққа шығарды.

Владимир Путин, РФ президенті:

-Осыған дейін айтқанымды тағы да қайталауға тура келіп тұр. Біздің мемлекет ешқашан Американың ішкі саясатына араласқан емес, араласпайды да. Оның ішінде сайлау барысына

Бірлескен саммитте ядролық қару, Сирия, экономика, Украина, бейбітшілік пен соғыс тақырыптары талқыланған. Бірақ, нақты қабылданған шешім жоқ. Екі тарап ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізуге уағдаласты. Бастары бір қызанға сыймай келген екі ел президентінің басқосуында Трамптың асығы бүк түскендей. Өйткені, өзге емес өз елі оны сынауын әлі үдетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде