{metadescription}
Қырғызстанда милиция бүркітке таланған қыздың өзін айыптады
Қыранның қырағылығы кеткен бе? Қырғызстанда 10 жастағы қызға әуеден құлдилап келген бүркіт тап берді. Жеткіншектің басына қонып, бүрістірген сәті видеоға түскен. Оқиға Ыстықкөл облысындағы Тон ауылында өтіп жатқан «Тескей Жээк» фестивалінде болған. Жергілікті ішкі істер басқармасының мәліметінше, аңшылықты дәріптеуге бағытталған ұлттық сайыс кезінде қыздың өзі кенеттен жолға қарай жүгіріп шығып, бүркіт соған ұшқан. Басы мен кеуде тұсы жараланған жеткіншектің шошып қалғаны болмаса, қазір денсаулығы қалыпты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
17.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!