{metadescription}
0:000:00
СҚО-да тауығы қырылып қалған жұрт өтемақы талап етті

СҚО-да тауығы қырылып қалған жұрт өтемақы талап етті

Солтүстік Қазақстан облысындағы Елецкое ауылында тауықтар жаппай қырылуда. Тұрғындар қорасынан өлекселерді көргеннен-ақ дабыл қағып, жергілікті ветеринарларға хабарласқан. Тек 2 айдан соң ғана құс ауруына байланысты карантин жарияланып, қора қопсы залалсыздандырыла бастапты. Өлгені өртеніп, тірі қалған әрбір тауыққа егу жасалған. Мал мен үй құстарына күні қараған ел шығын неге өтелмейді деп шағымданып отыр.

Бұл індет көктем туысымен пайда болған. Әлбетте қыт-қыттап жүретін тауықтар біртүрлі дыбыс шығарып, бүрісіп қалған. Кешікпей шетінен өле бастапты. Тұрғындар алғашқыда қоқысқа лақтырып, көңіл бөлмепті. Тек, бір үйден ондап қырыла бастағанда зәрелері ұшқан. Бұрын соңды мұндайды көрмеген тұрғындар, бірден әкімдікке жүгірген. Бірақ, көмекке асыққан ешкім жоқ.

Сергей Нишуков, Елецкое ауылының тұрғыны:

-Таңертең тұрсам бір тауығым өліп жатыр. Қарасам басқалары есеңгіреп қалған сияқты, теңселіп, қырылдап жатыр. 4 күнде 25 тауығымды лақтырып жібердім. Әкімге барып едім,иығын көтерді. Ветеринарлық дәріханаға бардым. Өзім екпе жасаттым. Көмектеспеді. Бірден көмекке келсе, бәлкім алдын алуға болар ма еді. Енді шығынды кім өтейді? 

-Ауылға ветеринарлық қызмет маусым айында бір-ақ келген. Екі айда 500-ге жуық тауық қырылыпты. Мамандар сарайларында үйіліп жатқан өлген тауықтарды мына арнайы пеште өртеген. Оларға өлекселерді қоқыстан жинауына тура келген.

Өлекселердің көзін жоймасқа амал жоқ. Өйткені, сараптама бұл аурудың Ньюкасл деп аталатын тауық вирусы екенін анықтаған. Инфекция тарамас үшін карантин жарияланды. Ветеринар дәрігерлер 1500 тауыққа екпе  жасапты. Бүгінде, республикалық эпизоотиялық жасақ барлық қора қопсыны шетінен дезинфекциялап жатыр. Осы ауылдың байырғы тұрғындарының айтуынша, соңғы 70 жылда мұндай жағдай болмаған. Ал, мамандар індеттің тарауына тұрғындардың өздері кінәлі болуы мүмкін деген болжам айтады.

Берік Әлжанов, СҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Құс иелері «Ветеринария туралы» Заңды пысқырмайды. Кез келген жерден жұмыртқа сатып алып, оны мекиенге бастырады. Шеттен әкелінетін жұмыртқаның бәрі арнайы тексеруден өтуі керек. Міне осы ауылда біреулер ауру тауықтың жұмыртқасын әкеп бастырған, содан құс арасында кесел тарады. Ньюкасл тауық – індеті. Ауылшаруашылығы министрлігі бекіткен тізімде бұл індет  бойынша өтемақы жоқ.

Тұрғындар ұядан тауық жұмыртқасын жинауды да қойған. Суға пісіріп жеуге болады десе де қорқамыз, - дейді. Ветеринарлар болса, жұмыртқа тұрмақ, тауық етін де қайнатып жеуге болатынын айтады. Әйтсе де қорқып қалған тұрғындар, аурудан толық айығар күнді күтпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде