{metadescription}
0:000:00
Сұлтанов көлігінен айрылған жүргізушілерге қатысты түсініктеме берді

Сұлтанов көлігінен айрылған жүргізушілерге қатысты түсініктеме берді

Елімізге Моңғолиядан заңсыз әкелінген даулы көліктерге Қаржы министрі араласты.  Бақыт Сұлтановтың айтуынша, шекарадан баж салығынсыз өтіп кеткен машиналарға қалайша қазақстандық нөмірлердің берілгені түсініксіз. Министр мұны да  қатаң тексереміз деп отыр.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

-Ресейдің кеден қызметкерлерімен бірігіп, барлығын анықтап жатырмыз. Көліктер қашан, қайдан келді және неліктен тіркеуге алынды? Барлығын жақын арада білетін боламыз.

Жалпы, баж салығы төленбеген 800-ден астам машина Қазақстанға төрт жыл бұрын кіргізілген. Оны алаяқтар Моңғолиядан Ресей арқылы кіргізіпті. Кейін жалған құжат жасап, көліктерді жаппай сатқан. Бір қызығы мұндай былық, темір тұлпарлар еліміздің түкпір-түкпіріне тарап, бірнеше қожайыны ауысқан соң бірақ белгілі болып отыр. Сондықтан, мемлекеттік кіріс комитеті, машиналарды енді шетінен арнайы тұраққа қамап жатыр. Әрі көліктің қазіргі иелерінен 1 миллион теңгеге дейін баж салығын талап етуде. Оны төлеу үшін жүргізушілерге 1 ай уақыт берілген. Айыппұлды төлемесе, көліктер мемлекет меншігіне тәркіленбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде