Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық анықталды
Париждің қақ ортасынан 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандықтың кім екенін құзырлы орындар анықтады. Бірақ Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер оның аты-жөнін айтпай отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
18.07.2018
Өйткені дау тудырған баспананың қожайыны өзі туралы мәліметті жария етуден бас тартыпты. Тіпті оның қай елдің азаматы екені белгісіз. Бір анығы – ол шенеунік емес, қалталы бизнесмен екен. Франция астанасындағы элиталық пәтер сол олигархқа тиесілі компанияның атына жазылыпты. Заңды түрде сатып алынған, салығы төленген. Айта кетейік, былтыр қараша айында шетелдік Mansion Global агенттігі Парижден қазақ Үкіметінің өкілі 65 миллион еуроға үй сатып алғанын жазған еді. Бұл бірден дау тыдырып, құзырлы орындар ақпараттың рас-өтірігін анықтаған болатын. Енді баспана бизнесменге тиесілі делінгенімен, оның есімі жұмбақ күйінде қалмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!