Шығыс Қазақстанда тағы бір Алтын адам табылды
Шығыс Қазақстанда тағы бір Алтын адам табылды. Археологтар ол біздің дәуірімізге дейінгі 8-7 ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы деп топшылайды. Сондай-ақ, қорымнан 3000-ға жуық алтын зергерлік бұйымдар мен көне жәдігерлер қазылып алынған. Теңдессіз жәдігерлер сақтардың тарихынан сыр шертеді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.07.2018
Тарбағатай тауларындағы Елеке сазы деп аталатын жайлауда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар биыл олжалы. Әшекейлер, моншақтар, киімге арналған жапсырмалар мен ат абзелдері. Алтыннан жасалған 3000-ға жуық құнды жәдігерлер көне дәуірдің көзіндей. Археологтар айтуынша, табылған көне бұйымдардың кейбірі сақ пайтшасына тиеісілі. Алайда, оның қаруы мен киімі орта ғасырларда қолды болуы мүмкін.
Зейнолла САМАШЕВ археолог:
-Қазақстанда алтын адамдар көп қой. Сол алтын адамдардың қатарына тағы бір алтын адам ескерткіш қосылды деп айтамыз. Оның өзі Шығыс Қазақстанда табылғанның өзі біз үшін үлкен ғанибет. Шығыс Қазақстан жері бай болған. Бұл жерде мәдениет, өркениет болған.Үлкен мемлекет өмір сүрген.
Сақ қорғандарына Шығыс Қазақстан облысының басшысы да арнайы ат басын бұрды. Теңдесіз қолөнер туындыларын көрген облыс басшысы көне дәуірдегі шеберлердің жұмысына таңдай қақты.
Даниал АХМЕТОВ Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
- Алтынды алып, осындай шеберлікті біздің ата-бабамыз осыны істеді ғой. Өткен заманның 8 ғасырында біздің халқымызда не болған. Үлкен индустрия болған. Тамаша технология болған. Біздің халқымызда қандай тамаша терең мәдениет болған.
Мамандар қорғандар біздің дәуірімізге дейінгі 8-7 ғасырларда өмір сүрген сақтардың тарихынан сыр шертетінін айтады. Сондықтан экспедициялық топ Елеке сазын 1 айдан бері зерттеп жүр. «Патшалар алқабы» деп аталған бұл аумақта 300-ден астам көне бейіт пен қорым бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!