Өскеменде үшінші қабаттан құлап кете жаздаған бүлдіршін құтқарылды
Өскеменде үшінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған 5 жасар бала құтқарылды. Анасы түнгі кезекшілікте болғанда, араққа тойып алған әкесі терезені ашық қалдырып, өзі қалың ұйқыға кетіпті.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
19.07.2018
Абырой болғанда, сәбиге сол маңнан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары көмекке келген. Олар терезе түбіне жиналып қалған жұртты көріп тоқтаған екен. Бала тұрған пәтердің есігі іштен құлыптаулы болғандықтан, полиция қызметкері Бауыржан Ризабеков көрші үйдің балконынан түсіп,баланы ішке кіргізген. Бұл сәтте оның әкесі үйде мас күйі ұйықтап жатыпты. Полицейлер жұмыстағы анасын шақырып, болған жағдайды айтып берді. Бұл отбасы енді ювеналды полицияның бақылауында болмақ.
Бауыржан Ризабеков, ШҚО ІІД ЖПП қызметкері:
-Өте қорқынышты болды, но ол кезде оны аса қатты ойлаған жоқпын. Өйткені кішкентай баланың өмірі болды, соны уайымдап кішкене неттік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!