{metadescription}
0:000:00
Оралда ата-енесін атып өлтірген күйеу балаға қатысты сот басталды

Оралда ата-енесін атып өлтірген күйеу балаға қатысты сот басталды

Оралда қайын жұртының ойранын шығарған күйеу балаға қатысты сот отырысы басталды. 38 жастағы Рүстем Дәулетшин бұрынғы әйелінің үйіне баса-көктеп кіріп, оның ата-анасына қаруымен шабуыл жасаған болатын. Атылған оқтан егде жастағы әйел сол жерде қаза тапса, ал зайыбы ауруханада тілге келместен жан тапсырды.

Тергеу абақтысынан сот залына жеткізілген айыпталушы камерадан бет-жүзін жасырып әуреге түспеді. 2 ай бойы тергелген ол бірінші сот отырысында-ақ кінәсін мойындады. Қанды оқиға 10 мамырда болған. Күдікті сол күні қарумен қайын жұртының үйіне келіп, ата-енесіне оқ атқан. Шабуылдан қайын енесі оқиға орнында қаза табады. Ал жұбайы жан сақтау бөлімінде екі апта бойы жатып көз жұмған.

Айгүл Молдағалиева, мемлекеттік айыптаушы: 

- Даулетшин Рүстем Исаұлы екі немесе одан да көп адамға қастандық жасап, оларды қасақана өлтіргді деп айыпталған.

Сол күні оның бұрынғы әйелі Нәдия Дәулетшина мен оның ұлы да іште болыпты. Айыпталушы аңшы мылтығымен кіріп шабуылдаған. Алайда, тергеу нәтижиесінде, қарудың заңсыз екені анықталды. Ал айыпкер, қанды қылмысқа неліктен барғанын ашып айтпады. Дегенмен бірінші сотта-ақ ол өзін қорғамақ болып, кейбір деректерді жоққа шығара бастады.

Рүстем Дәулетшин, айыпталушы:

-Бұл мәліметтер жалған. Оқ атылған кезде ұлым мен әйелім залда болған. Олар сыртқа шықпады.

Сондай-ақ, тергеу кезінде күдікті сол күні спирттік ішімдікті ішкені анықталған. Ал, марқұмдардың туыстары жауыз күйеу балаларының қатаң жазаға тартылуын сұрап отыр.

Ал, әке-шешесінен айырылған Нәдия Дәулетшина, сот айыпталушыға әділ жаза берсе екен дейді. Өйткені, күдікті кінәсін мойындағанымен, оған нақты қандай жаза қолданылатыны белгісіз. Ал келесі сот отырысы 1-ші тамызда болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде