Ақтау тұрғынына 52 рет пышақ сұққан Қырғызстан азаматы жазасыз қалды
Кісіні турап өлтірсе де жазасыз қалды! Атырау соты Ақтау тұрғынына 52 рет пышақ сұққан Қырғызстан азаматын сот залынан босатып жіберді. Себебі, 27 жастағы кісі өлтірушінің ақыл-есінің кемістігі анықталыпты.
Автор: Бек Әбиев
19.07.2018
Бүкіл елді шошытқан оқиға былтыр қараша айында Атырау қаласында орын алған болатын. Ресейден Ақтауға қайтып келе жатқан 39 жастағы Иван Грабов вокзал маңындағы дәмханада ас ішіп отырады. Осы кезде тосыннан келген қырғызстандық жігіт оған еш себепсіз аңшы пышағымен тап берген. 52 жерінен пышақталып, бауыры, өкпесі мен басына дейін езіліп кеткен Иван, сол жерде жан тапсырды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды. Ал, 9 айға созылған тергеу 27 жастағы қырғыз азаматының шизофрениямен ауыратынын анықтап отыр. Жұртқа қауіпті жатжұрттық енді Алматы облысындағы психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары