{metadescription}
Теңге тағы да құлдырады
Теңге тағы да құлдырады. KASE-дегі бүгінгі сессияның қорытындысы бойынша бір доллар 345 теңге 25 тиынға тең. Ұлттық валюта 95 тиынға әлсіреген. Ал ақша айырбастау орындарында доллар 346-347 теңге аралығында сатылып жатыр. Алайда сарапшылар әлі де оптимистік болжам айтуда. Олардың ойынша, күзде АҚШ ақшасының бағамы қайта төмендеп, 320 теңгеге дейін баруы мүмкін.
Автор: Асқарбек Қазанғап
19.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!