Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысын қатаң сынға алды
Бүгін Елбасы Үкімет басшысын қатаң сынға алды. Бақытжан Сағынтаевты Ақордаға шақыртқан Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері шенеуніктердің жұмысына қатысты тым көп шағым түсіп жатқанын айтты.
Автор: Досжан Маратұлы
19.07.2018
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Барлық бағдарламалар бар бізде. Индустриялық бағдарлама бар,инфраструктуралық бар, әлеуметтік жағынан бар. Бірақ, соның бәрін жергілікті атқарушы органдар, министрліктер аяғына дейін жеткізбейді. Қағаз жүзінбе бір-бірімізге есеп бергенде барлығы бар. Бірақ, халық айтады президенттің айтқандары неге бізге жетпейді. Коммуналдық қызметтің бағасы өсіп барады. Медициналық қызмет сапасыз деп айтады. Вуздардағы мұғалімдердің деңгейі төмен. Балалардың білімі төмен.
Сондықтан президент халықтың шағымын ескеріп, айтылған мәселелер бойынша жұмыс істеуді қатаң тапсырды. Әсіресе, коммуналдық төлемдер: су, жарық пен жылуға баға негізсіз өспеуі тиіс. Әрі бес әлеуметтік бастама мен өзге де мемлекеттік бағдарламаларға Үкімет басымен жауап береді. Әкімдіктер мен министрліктердің жұмысына көңілі толмаған Елбасы, бұл шаруаның орындалуын жеке өзі қадағалайтынын да ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!