{metadescription}
Қаскелеңдегі атышулы ауруханадан тағы дау шықты
Қаскелеңдегі атышулы ауруханадан тағы дау шықты

Қаскелеңдегі атышулы ауруханадан тағы дау шықты

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасын жөндеу үшін дәрігерлерден ақша жиналған көрінеді. Атышулы емдеу мекемесіндегі мұндай былық туралы ақ халаттылар Денсаулық сақтау министріне жолдаған  шағымында жазыпты.

Енді Елжан Біртанов бұл ақпараттың рас-өтірігін  анықтаймыз деп отыр. Жалпы, соңғы кездері басынан дау арылмаған мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Өйткені, мұнда бір жарым ай бұрын менингит дерті ушыққанда тексеруге келген министр талай былыққа куә болған еді. Тіпті, дәлізде жатқан науқастардан аяқ алып жүре алмаған Біртанов, талапқа сай келмейтін мекемені жабу керектігін айтқан болатын. Бірақ  кейін кемшілікті жою үшін осы айдың аяғына дейін уақыт беріліп, жөндеу жұмыстары үшін 21 миллион теңге бөлінген.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бірінші тамызда министрліктен арнайы комиссия аурухананы тексеруге барады. Уақыт аз қалды. Жауаптылар олқылықтарды ретке келтіріп үлгеруі тиіс. Егер кем-кетікті жоймаған болса, емдеу мекемесі жұмысын тоқтатады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде