{metadescription}
Баласы бар шенеуніктерге  жұмысқа кешігуге рұқсат етілмек
Баласы бар шенеуніктерге  жұмысқа кешігуге рұқсат етілмек

Баласы бар шенеуніктерге жұмысқа кешігуге рұқсат етілмек

Елімізде баласы бар шенеуніктерге  жұмысқа кешігуге рұқсат етілмек.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекеттік қызметкерлерге  жаңа жұмыс кестесін дайындап жатыр. 

Жоба қабылданса, әкімдік, басқарма, министрліктер мен комитеттердің   кішкентай ұл мен қызы бар  қызметкерлерінің жұмысқа таңғы сағат 9 жарымда келуіне болалды. Қосымша уақыт балаларын балабақша, мектепке жеткізу үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, шенеуніктердің  түскі үзілісі де ұзартылуы мүмкін. Бірақ ақжағалыларға қанша жеңілдік жасалғанымен, олар пара алуын еш тыймай отыр екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы елімізде ауызбастырық алмайтын шенеунік жоқтың қасы дейді. Әсіресе, олар әкімдіктерде, полицейлер, кеденші, ұлттық компания қызметкерлерінің арасында өте көп. Биыл парамен ұсталғандардың арасында вице-министрлер де бар. Мәселен, Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың  қос орынбасары – Бақытжан Жақсалиев пен  Ғани Сәдібеков Шучье-Бурабай курортындағы көлді тазартуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен  үйқамақта отыр.

Алик Шпекбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:

-Жоғары лауазымды қызметкерлер барлық салада дерлік жемқорлыққа жол берген. Жарты жылда 700 адам ұсталды. Оның 18-і республикалық, 55-і облыстық, 101-і аудан, қалалық деңгейдегі басшылар.  Арасында вице-министрлер, жауапты хатшы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.