{metadescription}
Ұрылар Денис Тенді 20 мың теңге үшін өлтірген
Ұрылар Денис Тенді 20 мың теңге үшін өлтірген

Ұрылар Денис Тенді 20 мың теңге үшін өлтірген

Ал қарақшылар чемпионды бар болғаны 15-20 мың теңге үшін өлтірген болып шықты. Көлік бөлшектерін саудалайтын базарда айнаның құны көк тиын. Соған қарамастан бұл тауарға деген сұраныс артып тұр.  Денис Теннің қазасынан кейін Алматыда қарақшылармен күрес күшейді. Қалың ұйқыдан оянғандай болған полицейлер базарларды тінтіп жүр. Ал погон таққандардан күдерін үзген қарапайым тұрғындар баукеспелерді өздері ұстап, видеосын ғаламторға жүктеп жатыр.

Қазақ спортының мақтанышы, мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тенді ұрылар тал түсте мынандай көліктің айнасы үшін пышақтап тастады. Ал бұндай айналар базарда қаптап тұр.  Бағалары 50-60 мың теңге. Оны ұрылар саудагерлерге ары кетсе 15-20 мыңға беріп кетеді екен.

Денистің көлігінен қарақшылар айнаны толықтай емес, өзін ғана шешкен. Алып сатарлар оның құны 5 мың теңгеден де аспайды дейді. Бірақ соған қармастан айнаны ұрлау бүгінде қызып тұр. Көлік бөлшегін сататын базардан айнаның кез-келген түрін  табуға болады. Интернетте де қаптаған хабарландыру. Жеңіл ақшаға әбден еті үйренгендер қорқу дегенді мүлдем ұмытқан. Тіпті бір көлікті бірнеше рет тонайтын көрінеді. Әнші Айқын да ұрылардан зардап шегіпті. 

-Егер сұраныс болмаса бұндай жағдай болмас еді. Олар айнаны шешіп алып Карсити сынды базарларға сатады. Астанадан ондайды байқамадым. Сауда орындарын жапқан болар. Алматыда менің көлігімнің айнасын бір жылда үш рет шешіп кетті. Күндіз. Сонда ұстасам қолдарын сындырам деп ойлайтынмын. Менің ойымша ұрылардың артында қолдаушылары бар.

Қарақшылардың құтырғанын полицейлер де растап отыр. Олар қылмыс жасауға көбіне күндізгі уақытта шығады дейді. Жыл басынан бері көлікке қатысты 1688 ұрлық жасалған. Соның 248-і ғана ашылыпты. Жиырма пайызға да жетпейді. Сондықтан тұрғындардың көбі арызданудан да қалған. Кейбірі қарақшыларды өз күштерімен  ұстауға көшкен.

Қылмыс үстінде қолға түскен ұры жаралы қасқырдай өте қауіпті болады. Сондықтан затыңды алып жатса да оған жақындауға болмайды дейді тәртіп сақшылары. Ал айна ұрлығынан сақтанудың бірден бір жолы айнаға көліктің нөмірін өшпестей етіп жазу екен.

Алексей Стрельцов, Алматы қаласы ІІД бөлімінің  басшысы:

- Ұрлап жатқанын байқап қалсаңыз бірден полицияға шағымдану керек. Оған мүлдем жақындауға болады. Өміріңізге қауіп келтіруі мүмкін. Біз қазір ұрылармен күресті күшейтіп жатырмыз. Саудагерлерге де ұрланған затты алудың жазасы бар екенін ескертудеміз. 

Ұрылармен күрес күшейді дегенмен полицейлердің базарлар мен сауда орындарын аралауы қиынға соғуда. Оған прокуратураның арнайы рұқсаты керек. Сондай-ақ айна ұрлағандарды көп жағдайда материалдық шығынды өндірсе соттамай жібере салады. Сондықтан да заңның осы бір осал тұсын жақсы білетіндер көлік тонауын тоқтатар емес. Денис Тенді пышақтады деген күдікпен ұсталған Нұралы Қиясовтың бұған дейін екі рет көлік тонап ұсталғаны соған дәлел.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде