{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің өліміне қатысты істі мұқият тергеуді тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің өліміне қатысты істі мұқият тергеуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің өліміне қатысты істі мұқият тергеуді тапсырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне Олимпиада жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты тергеуді мұқият әрі жан-жақты жүргізуді тапсырды. Ал оған дейін күдіктілер анықталған еді. Олардың біреуі құрықталып, кінәсін толық мойындады. Екінші күдікті әлі бой тасалап жүр.

Бұл қанды қылмыс кешелі бері құқық қорғау органдарын аяқтарынан тік тұрғызды. Тіпті, Бас прокурор мен Ішкі істер министрі бұл істі бақылауына алып, іздеу жұмыстарына ең тәжірибелі деген полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмылдырылды.

Марқұм Денис Тенге пышақ сілтеп, ізін суытты делінгендердің біреуі өткен түнде ұсталды. Қолына кісен салынған күдіктінің аты-жөні - Нұралы Қиясов. Жамбыл облысының тумасы небәрі 24 жаста. Әккі ұры осыған дейін үш рет істі болған. Өткен жылы ол Меркі ауданындағы екі автокөліктің аккумулятор, магнитофондарын бір күннің ішінде қолды қылып, бой тасалаған. Алайда, ұсталып, жәбірленуші тарап кешірім бергеннен кейін тек айыппұлмен оңай сытылыпты. Сондай-ақ, мас күйінде темір тұлпар тізгіндеп, үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Ізбасар БЕКТҰРОВ Алматы қаласы ІІД басшысының орынбасары:

-Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 2 тармағы сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. 1994 жылғы Нұралы Қиясов ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қорғаушылардың қатысуымен ол кінәсін толық мойындады.

Бар кінәсін мойындаған күдіктіні бүгін тәртіп сақшылары қылмыс болған жерге алып келді. Камерадан бетін бүркеп жүрген ол полиция қызметкерлеріне мән-жайды тәптіштеп айтып беруге тырысты.

Әзірге анықталғаны кеше түскі уақытта марқұм Денис Тен Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы досының мейрамханасына бас сұғады. Мейрамханада тамақтанып, сағат үште шыққан спортшы автокөлігін тонап жатқан екі жігіттің үстінен түскен. Сол кезде жанжал туып, Нұралы Қиясов сыбайласымен Денис Теннің жамбасынан пышақ сұққан көрінеді. Артынша оқиға орнынан із суытады. Денсаулық сақтау министрлігі жараланған спортшы көп қан жоғалтқанын айтты. Жүрегіне емес, жамбасына пышақ сұғылған Денис Теннің өмірін дәрігерлердің аман алып қала алмағаны содан.

Ләззат АҚТАЕВА ҚР Денсаулық сақтау вице-минстрі:

-Жедел жәрдем оқиға орнына жеткенде бір метрге дейін жететін қан жатты. Шамамен үш литр қан кеткенін байқауға болады. Ірі тамырларын жарақаттап алған кезде, әсіресе, сан артериясынан 2-3 минут ішінде өте көп қан кетіп қалады. Біріншіден, қанды тоқтату керек болды. Жарақат алған бойда бұрау салғанда, қанды аз жоғалтатын еді. Неғұрлым тезірек салса, өмірін сақтап қалуға соғұрлым мүмкіндік көбірек болатын еді

Ал, бой тасалап жүрген екінші күдіктінің аты-жөні  Арман Құдайбергенов. 24 жастағы ол Қызылорда облысының тумасы. Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде