{metadescription}
Польшадан арнайы репортаж: Ежелгі қазақ пен полякты байланыстырған не?
Польшадан арнайы репортаж: Ежелгі қазақ пен полякты байланыстырған не?

Польшадан арнайы репортаж: Ежелгі қазақ пен полякты байланыстырған не?

Поляктар да күбіге  айран құйып, май шайқаған .  200 жыл бұрын әр поляктің үйінде күбі болса, қазақ диқандары Лодзь қаласына мақта  экспорттаған. 19 ғасырда Еуропаның жеңіл өнеркәсібінің астанасына еліміздің оңтүстік өңірінен тасымалданған ақ алтын мұражайларда сақтаулы.  Польшадан оралған тілшіміз Жазира Бегалы екі елдің ежелгі тарихи қарым-қатынасын  айғақтайтын деректермен бөліседі.

Польшаның Силезск өлкесіндегі көне баспанадағы тұрмыстық заттардың қатарында күбі де бар. Аня Шопак мұнда  3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға өткен ғасырларда  өмір сүрген  поляктардың тұрмыс-тіршілігін баяндап, төрт түлікті ,үй құстарын бағуға  баулиды. Қорадағы қолдан жасалған сиырдың үй жануарынан ешқандай айырмашылығы жоқ.    

АНЯ ШОПАК , АГРОТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Мына ыдысқа кәдімгі жылы сүт құямыз. Бәрі шынайы болуы керек. Бірақ балалар мұны көрмейді және жуып, күнде залалсыздандырамыз. Сосын сиырды сауып,сүтті мына  ыдысқа құяды.

- Аня, қазақтарда да бар.  Күбі дейді. Айран құйып сары май аламыз. Поляк тілінде қалай деп аталады?

- Поляк тілінде  масельница дейді.  Жылы сүтке кілегей ,қаймақ араластырып, шайқаймыз. Әр топта 10 бала болады, бәрі осылай қолдан май жасап,нанға жағып, дәмін татып, мәз болады.  Қазір күбілерді елді-мекендерде ешкім қолданбайды.  

Поляк қызы қазақ халқының   ежелден күбіге қымыз пісіріп, май шайқағанын естіп таң қалды. Ағаш ыдыстың шығу тарихын Аня Шопак та білмейтінін айтады. 

19 ғасырда жіп иіріп, мата жасаған көне машинаны мұражайда ғана көруге болады. Бұл  Лодзь шаһарындағы атақты Израиль Познаньскидің  фабрикасы. 10 мың адам тәулік бойы жұмыс істеп, Еуропа елдерін, Ресейді матамен 90 пайыз  қамтамасыз еткен. Шаһарға 1889 жылдары қазақ  жерінен ақ алтын экспортталған. Бірақ мақтаны еліміздің қай өлкесінен  тасымалдағаны жайында тұщымды деректер мұражайда  жоқ.

 БОГУСЛАВ ШУБЕРТ, ГИД :

-Бізде өндірістік нысандар  қал-қалпында сақтаулы. Қалада ертеде ең бай адамдар өмір сүрді. 200 –ден астам сарай, зәулім ғимараттар бар. 30 жыл бұрын поляктар өте үлкен қателікке жол беріп, бірнеше нысан  қирады. Әрине қазір көне ғимараттарды бұзбау туралы Польшада қатаң ережелер бар.

Алып мануфактура  өткен ғасырдың 90 жылдары жұмысын тоқтатып, ойын-сауық  және сауда орталығына айналған. Өткен ғасырларда  жеңіл өнеркәсіптің астанасы атанған Лодзда  қазіргі уақытта  туризм қарқынды дамып келеді.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.