{metadescription}
Германия футболшысы Түркия президентімен суретке түскені үшін ұлттық құрамадан кетті
Германия футболшысы Түркия президентімен суретке түскені үшін ұлттық құрамадан кетті

Германия футболшысы Түркия президентімен суретке түскені үшін ұлттық құрамадан кетті

Германия футболшысы Месут Өзіл Түркия президентімен суретке түскені үшін ұлттық құрамадан кетті. Ердоғанның қабылдауында болған спортшыны неміс футбол қауымдастығы ақыры қуып тынды.

Әсіресе, ұйымның президенті Өзілді суреті үшін келімсек деп кемсіткен. Тіпті әлем біріншілігіндегі Германия құрамасының сәтсіз ойынын да осы футболшыдан көрген-ді. Шыдамның да шегі бар деген Месут Алмания үшін енді доп теппеймін деп шешіпті. Әлеуметтік желіде футболшы спорттан саясат іздегендерге өкпесі қара қазандай екенін жазған. Жеңсең неміссің, ал ұтылсаң мигрант болып шыға келесің дейді ол. Естеріңізге сала кетейін, Месул Өзіл мен Германия құрамасының тағы бір ойыншысы Илкай Гюндоған Түркия президенті Ренжеп Ердоғанмен суретке түсеміз деп бастары бәлеге қалған еді. Ата-тегі түрік Өзіл Германияда туып өскен. 2009 жылдан бері ұлттық құрама үшін доп тебеді. 2014 жылғы Әлем Біріншілігінің жеңімпазы. Бундестим үшін 92 ойын өткізіп,32 гол соққан.  Неміс спортына қосқан үлесі үшін медальдарымен марапатталды. Енді ол ағылшындардың Арсенал клубының намысын қорғайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде