Жолаушылар автобусы отқа оранды
Көкшетаудан Солтүстік Қазақстандағы Рузаевка ауылына аттанған жолаушылар автобусы отқа оранды. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Салоны түтіндей бастағанда ондағы жолаушылардан зәре кеткен. Ондағы 20 адам өз бетінше автобустан шығуға ұмтылыпты. Жалын жұрт шығып кетісімен күш алып, өрт сөндірушілер жеткенше түк қалмай жанып кетті. Орта жолда қалған жолаушылар шүкір десіп, кездескен көлікпен діттеген жерлеріне аттанды. Облысаралық көлікте өрттің тұтануына қозғалтқыштаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
23.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары