{metadescription}
Петропавлда тауары өртенген саудагерлер шығынды кімнен өндірерін білмей жүр
Петропавлда тауары өртенген саудагерлер шығынды кімнен өндірерін білмей жүр

Петропавлда тауары өртенген саудагерлер шығынды кімнен өндірерін білмей жүр

Петропавлда өрт кесірінен тауарсыз қалған саудагерлерге шығынды кім өтейтіні белгісіз. Демалыс күні қаладағы коммуналдық базардың 600 шаршы метр аумағы жанып кеткен еді. Дәл сол сәтте онда кезекті ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесі өтіп жатқан болатын.

Арзан азық- түлік іздеген жұрттың екінші қабаттағы өрттен еш хабары болмапты.  Тек түтіннің иісі келе бастағанда ғана олар сыртқа ұмтылған.  Қызыл жалын екінші қабаттағы өндіріс тауарлары сатылатын бутиктердің бірінен шыққан. Оның тез өршіп кетуіне парфюмерия мен косметикалық тауарлар себеп болыпты. 10 павильон түгел жанып кеткен. Тағы 20 бутиктегі заттар жоғары температурада балқыған. Өрттің нақты неден шыққаны қазір анықталып жатыр. Сондай-ақ келген шығын көлемі мен оны кімнің өтейтіні де әлі белгісіз.

Руслан Базарбаев, СҚО ТЖД қызметкері:

- Ол жерде тауар тым көп  еді. Дені  тез тұтанғыш болғандықтан, өртке ие бола алмай қалдық. 14 өрт сөндіру машинасы мен қызметкерлеріміздің бәрі жұмылдырылды. Бір сағаттан астам арпалысып, әрең дегенде сөндірдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде