{metadescription}
Алматыда өлім аузынан қалған 5 жасар бүлдіршін әрең дегенде тілге келді
Алматыда өлім аузынан қалған 5 жасар бүлдіршін әрең дегенде тілге келді

Алматыда өлім аузынан қалған 5 жасар бүлдіршін әрең дегенде тілге келді

Қалың ағаштар арасынан кілемге оралған күйі табылған алматылық бүлдіршіннің беті бері қарай бастады. Өлім аузынан қалған 5 жасар ұл әрең дегенде есін жиып, тілге келген.

Дінмұхамед есімді балақай әзірге жансақтау бөлімінде жатыр. Ал ертең палатаға ауыстырылмақ. Естеріңізге салсақ, бүлдіршін 10 шақты күн бұрын Шығыс айналма жолының жиегінен шала-жансар күйі табылған болатын. Оны қаққан жүргізуші  сәбиді тез арада ауруханаға жеткізудің орнына кілемге орап, тал түбіне тастай салыпты. Ал өзі із суытқан. Қайта өтіп бара жатқан адамдар дер кезінде байқап, бала бір өлімнен аман қалды. Қатты соққыдан оның бас сүйегі зақымданған екен. Полицейлер бастапқыда күдікті анықталды десе де,  жүргізуші сол күйі ұсталған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде