Алматыда жолаушылар зардап шеккен жол апаты жайлы автобус жүргізушісі айтып берді
Алматыда автобустардың соқтығысуынан жарақат алған 5 жолаушы әлі ауруханада жатыр. Зардап шеккендерге автопарк өтемақы төлемекші. Айта кетейік, қеше қос бірдей қоғамдық көлік қаланың қақ ортасында бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан 21 адам зардап шеккен болатын. Жол апатының мән-жайын автобус жүргізушісінің өз аузынан естіп келген тілшіміз айтып берсін.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
23.07.2018
Қоғамдық көліктер қақтығысы кеше Абай мен Достық көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, 12-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлігін жол жиегіне тастап кетіпті. Кенет төменге құлдилаған бос автобус қарсы бағытқа шығып, жолаушыға лық толы қоғамдық көлікке барып жаншылады. Апаттан 21 адам зардап шеккен. Оның 3-і алты жастан асқан балалар.
Нұржан ИСАБЕКОВ Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
- Реанимациялық бөлімде жатқан науқастар жоқ. Барлығының жағдайы бір қалыпты.5 науқас ауруханада жатыр. Негізгі жарақаттары бас ми жарақаты, аяқ-қол ушиб, сынғандары бар. Жастарына тоқтала кетсек, ең жас алтыда, ең үлкені сексенде.
Ал, оқыс жағдайдан өзі де жарақат алған автобус жүргізушісі Бердалы Рысбек адамдарды аман алып қалу үшін басымды қатерге тіктім дейді. Әп-сәтте болған оқиғаны 10 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші көрген түсіндей есіне алды.
Бердалы РЫСБЕК автубус жүргізушісі:
- Жолаушылардың қауіпсіздігін ойлап, бұрышты өзімді қойдым. Өз жағымды қойдым. Негізі әр водитель өз жанын алып қашады. Жанымдағы кішкентай екі бала дух берді. Ортаға өзімді салдым. Пассажирлер аман әйтеуір.
Айта кетейік, бір жыл бұрын жолға шыққан жаңа автобустар «Алматыэлектротранс» компаниясына тиесілі. Жауапсыз жүргізушіге қатаң шара қолданамыз, -деп сендірген тасымалдаушылар сұхбат беруге құлық танытқан жоқ. Ал, жол апатынан жапа шеккендерге өтемақы төлеуден қашпаймыз деп жеткізді. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!