Ақтауда Данияр Әлімбаевты пышақтап өлтірген қаскөйлер ұсталды
Тағы бір танымал тұлға суық қару кезенген бұзақылардың қолынан қаза болды. Көңілді тапқырлар клубының ойыншысы Данияр Әлімбаев тура Денис Тен секілді күре тамырына пышақ тиіп, ауруханада көз жұмды. 32 жастағы Даниярға дәрігерлер көмектесе алмады. Марқұмның артында әйелі мен 4 баласы қалды.
Автор: Бек Әбиев
23.07.2018
Бегендік Абдуллаев, Маңғыстау облыстық ауруханасы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы;
-Науқас түскен кезде артериялық қан қысымы 40/10 болды. Шұғыл түрде шұғыл операциялық залға алынды, операцияға. Операцияға алынғанда, қан тамыры ангихирургпен бірге алынды. Сол жақ санынының үштен бірінде, сол жақ бетке және сол жақ терең артерияларының жарақаты және веналарының жарақаты анықталдды. Жарақаттар сосудистый ангихирург тілінді. Науқастың бірақ түскен жағдайы ауыр болды.
Даниярдың да өмірінің соңғы сәттері видеоға түсіп қалған. Ақтауға қыдырып келіп, ойын-сауық орталығында достарымен бірге отырған Даниярға бейтаныс жігіттер тиіседі. Сөздің арты ерегіске ұласып, іле-шала бірнешеуі оның екі досына тап берген. Оларды ажыратпақ болған Данияр Әлімбаевқа сотқарлар пышақ сұғып алады. Сол түні есін жимай қайтыс болған 32 жастағы марқұмның денесі ертесіне өзі туып-өскен Ақтөбеге жіберілді. Ал, Ақтауға ол жұмыс бабымен келген екен. Бұрғылаушы компанияның аймақтық директоры болып жұмыс істеген Данияр Әлімбаев жуырда ғана Ақтауға тағайындалып, отбасымен бірге көшіп келмек болып жүрген. Ол кезінде Ақтөбедегі көлңілді тапқырлар клубына қатысатын команда капитаны болған. Ал қаскөйлер сол түні-ақ ұсталды. 20- 22 жастағы Ақтаудың үш тұрғыны қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!