{metadescription}
0:000:00
Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткендер Денистің өліміне полицейлерді кінәлады

Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткендер Денистің өліміне полицейлерді кінәлады

Бүгін Алматыда өткен қоғамдық кеңес жиынында Ішкі Істер Министрлігі мен қалалық Ішкі Істер Департаментінің басшылығын ауыстыру талап етілді. Оған мүше қоғам белсенділері Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро басшыларына өз талаптарын жолдап та қойған. Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін Ішкі істер органдары басшыларының біліктілігі сынға алынған болатын.

Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар қатысқан жиын Ішкі істер министрі мен Алматы қалалық департаментінің басшысына қатысты мәселені талқылаудан басталды. Өйткені, Денис Теннің өлімі еліміздегі полицейлердің деңгейін, қауіпсіздік жүйесінің нашарлығын көрсетті дейді олар. Әлемге әйгілі спортшының көше ұрыларының қолынан қаза табуын - құқық қорғау органы жұмысының осалдығынан көрді жұрт.

Рахман Алшанов, Қоғамдық кеңес мүшесі:

- Шаһар жұртшылығы Ішкі істер министрлігі мен қаланың ішкі істер днпартаментін отставкаға жіберу туралы мәселе көтеріп отыр. Өйткені жүйеде олқылық бар. Осындай шешім қабылданбаса, бұл үйреншікті болып кетеді. Көздерін шел басқан. Бұл сұмдық қой. Басшылықты жаңарту керек.   

- Андағы погонды тағып жүргенге ұялу керек қой, түк істемейтін жұмыс үшін.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері қаламыздың автобөлшек сататын базараларына рейд жүргізген. Сатушылар түбіртек бермек түгілі, кейбірі ешбір рұқсатсыз саудасын қыздырып жатыр екен. Онда полиция бекеті де жоқ. Яғни мұндағы саудагерлерге бақылау жасалмайды.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Өткен жылы Алматыда 45 мың автокөлік ұрлығы болған, оның тек 4 мыңына ғана іс қозғалған. Біз полиция қызметкерлерімен бірігіп базарларды аралап, рейд жүргізіп көрдік. Құқық қорғау органдарын көріп үрейленіп жүрген ешкім жоқ. Керісінше, сол баяғы кассалық аппаратсыз, көлік бөлшектерін жайбарақат сатып тұр.

Сондай-ақ, полиция жұмысын жақсарту үшін олардың жалақысын көтеру туралы да ұсыныс айтылды. Өйткені орташа есеппен 120 мың тг алатын тергеулердің қылмысты ашуға зауқы болмай, қызметіне жүрдім-бардым қарайды дейді белсенділер. Айта кетейік, 19 шілдеде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен  көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың қолынан қаза тапқан еді. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған спортшы ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды. Ал қыршын кеткен спортшыны 10-мыңға жуық адам жиналып, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның денесі Дружба ауылындағы зиратқа жерленді. Ал күдіктілер Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов қазір қамауда отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде