{metadescription}
0:000:00
 «BENZUBER-МЕН» БӘРІ ОҢАЙ

«BENZUBER-МЕН» БӘРІ ОҢАЙ

Еліміздің тұрғындары енді «Бензубер» телефон қосымшасын қолданып, көлігін жанармайды сыртқа шықпай-ақ сатып ала алады. «Цифрлы жанармай бекеттері» жобасын елімізде алғаш болып «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы іске қосып отыр.

Жанармай ақысын төлеу үшін телефон қосымшасын қолдану жеткілікті. Жақын маңдағы жанармай құю бекеттері туралы мәлімет те, бензиннің бағасы да соның ішінде. Енді бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұру деген болмайды.

Асқар Кәрібаев, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының операциялық басқару жөніндегі орынбасары: 

Бұндай қызмет түрін өз тұтынушыларымызға барынша қолайлы жағдай жасау үшін енгізіп отырмыз. Өйткені, кейде қолайсыз ауа райында сыртқа шығуға немесе кішкентайларын көлікте жалғыз қалдырып кетуге тура келеді. Бүкіл шара ашық. Ешқандай қызметкеріміз араласпайды.

Жаңа қызметтің басымдықтарымен танысуға вице-премьер Асқар Жұмағалиевтің өзі арнайы келген. Осы қосымшаның арқасында көлікке жанармай құюға небәрі бір жарым минут кететінін сынақ нәтижелері көрсетіп отыр. Қолма-қол төлер болса, ел қарасы көбейгенде 10 минуттан да көп уақыт алуы мүмкін. Одан бөлек, бұл бағдарлама Қазақстан арқылы өтетін шетелдік жүргізушілерге жақсы көмекші.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Жанармай құю бекетінің сандық үлгісі табысты жобалардың бірі. «Цифрлы Қазақстан» дейтін бағдарлама бар, соның аясында тұтынушыларға сандық технологияларды ұсынатын жобалар да бар. Соған байланысты, цифрлы жанармай бекетінің басымдықтарын көрсету мақсаты болған. Ал «Қазмұнайгаз» бүкіл бекетерін осы жүйеге ауыстырды.

Енді «Қазмұнайгаздың» ел аумағындағы 330-дан астам жанармай бекетіне тоқтаған кез келген жүргізуші телефонның көмегімен бензин толтыра алады. Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, болашақта басқа жанармай құю бекеттері де қызметтің осындай қолма-қол төлемсіз түріне ауыспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.