{metadescription}
0:000:00
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияның аэроғарыш мектебінен тағылымдамадан өтеді

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияның аэроғарыш мектебінен тағылымдамадан өтеді

Бәрі де еліміздің әр өңірінен жиналған ғарыш саласына деген қызығушылығы бар талантты балалар. Оларға мұндай мүмкіндікті Тұңғыш Президент қоры ұсынып отыр.

Бұл 40 оқушы көлік саласы бойынша өткізілген республикалық байқаудың ең үздік қатысушылары. Іріктеу кезеңі еліміздің 14 облысы мен үш ірі қаласында өткізілген болатын. Қатысушылар түгел 16 мен 18 жас аралығындағы жоғарғы сынып оқушылары. Ал финалдық кезең Астанада екі күн қатарынан өтеді. Байқау шарттарының ішінде ағылшын тілін жетік меңгеру талабы да бар. Бағы жанғандар қатарына жеңімпаз екі команда мен әр облыстан финалға қатысқан 2 оқушы кіреді. Олар тамыздың 19-ы мен 26-сы аралығында ағылшын жерінде болып, Кренфилд университеті аэроғарыш мектебінің жетістіктерімен танысып қайтпақ.

Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

-Кренфилд университетінің мамандары келіп өздері таңдайды балаларды. Және де бұл тамаша мүмкіндік. Еліміздің балаларын ағылшын тілі деңгейін кәсіби жағынан нығайту, осындай мамандықты тереңінен танытып білу бұл қолдарлық бастама.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.