{metadescription}
Қатерлі ісік балалар арасында дендеп барады
Қатерлі ісік балалар арасында дендеп барады

Қатерлі ісік балалар арасында дендеп барады

Онкологиялық ауруға шалдыққан кішкентай қазақстандықтар қатары бір жылда 10 пайызға көбейді. Аты жаман ауру 610 бүлдіршінге жабысқан. Арасында ана құрсағынан сырқат болып туылғандары да бар.

4 ай бұрын ғана сап-сау жүрген баланың қазіргі жағдайы аянышты. Аяқасты  жабысқан дерт 12 жасар Максимді арба мен балдаққа таңған. Жасөспірімді бұлайша жүдеткен ауру медицина тілінде «саркома» деп аталады. Бұл сүйек қатерлі ісіктерінің ең жиі тараған түрі.  

Максим Квачев:

-Сәуірде аяғым қатты ауыра бастады. Қозғалуым қиындап кетті. Химиялық емдеу курсынан өткен соң, ауырғаны сәл де болса басылды. Бірақ, мен құлан таза айығып кетуді армандаймын...

Өкініштісі сол, Максим секілді қатерлі ісікпен арпалысқан балалар күн санап көбеюде. Дәрігерлер келтірген статистика адам шошырлық. Олардың айтуынша, бір жылда бұл кесел 610 баладан анықталыпты. Яғни, кішкентай онкологиялық науқастар қатары шамамен 10 пайызға өсіп отыр.

-Балалар арасында аққан ауруы көш бастап тұр. Ал науқастардың 16 пайызы мидың қатерлі ісігіне шалдыққан. Одан кейінгі орында  нейробластома немесе жүйке талшықтарында болатын рак.

Мұндай көрсеткішті мамандар диагностиканың дамуымен де байланыстырады. Яғни, ауру дер кезінде әрі дәл анықталатын болған. Тіпті, аты жаман кесел ана құрсағындағы сәбилерден де табылып жатыр.

Ләззат Манжуова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:

-Осы балалардың ішінде 40 пайыздайы 3 жасқа дейінгі балалар.

Балалардың қатерлі ісіктері көбінесе, 40-50 пайызы ол туа біткен ісіктер. Кейбір ісіктер туылмай жатып анықталып жатыр. 

Ауру азабын тартқан мұндай балалар елімізде тегін емделеді. Әрқайсысына мемлекет орта есеппен 10-12 миллион теңге бөледі екен. Бірақ, ата-аналардың отандық мамандарға сенімсіздік танытып, баласымен бірге шетел асатындары көбейді. Дәрігерлер аурудан өз елімізде де айығуға болатынын тағы ескертті. Науқасқа сәйкес донор табылмаған жағдайда ғана өзге елге өздері жолдама береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде