Петропавлда дымсыз қалған саудагерлер өтемақыны кімнен өндірерін білмей жылап жүр
Петропавлда жуырда ғана жанып кеткен коммуналдық базардың саудагерлері шенеуніктерден өртенген тауарларының құнын өтеуді талап етіп отыр. Өйткені өрт шыққан сауда нысаны облыстық әкімдіктің балансында екен. Бірақ әкімдіктегілер төтенше жағдайға нақты кінәліні тауып, содан сот арқылы шығындарыңды талап етіңдер деп жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
24.07.2018
Саудагерлер бұрынғы жұмыс орындарына күнде келіп, дүниелерін іріктеп жүр. Түгендейтін де түк жоқ. Бәрі тып-типыл жанып кеткен. Кеше олармен кездескен шенеуніктер шығынды өтеуге шамамыз жоқ , несие алыңдар деп кеңес беріп кетіпті.
Зауре Әбілқасова, саудагер:
-Кредит ал дейді. Қалай аламыз? Қоятын кепіл мүлкіміз жоқ.
Өрт өткен сенбі күні таңғы сағат он кезінде болған. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатқанда дабыл қаққыш он минут бойы жұмыс істеп тұрыпты.Алайда бұл да кезекті оқу -жаттығу шарасы екен деген жұрт оған назар аудармаған.
Рашид Темірханов,саудагер:
-Мынау түтін шығарғыш мына жағында бар, қойылған. Түтін болғанда толадыда , бірден сигнал береді. Сол 15 минут ойнап тұрды,ешкім келмеген, ешкім қарамаған.
Бұл ғимарат облыстық әкімдіктің баласында. Шенеуніктер оны«Солтүстік»әлеуметтік серіктесіктік корпорациясына берген. Саудагерлермен орындарды жалға алу туралы келісім жасасқан да солар.
- Мынау сол жалға алу туралы келісім-шарт. Саудагерлердің дені оның шарттарын мұқият оқымай, қол қоя салған. Ал бұл құжатта «егер өрт, не өзге де оқыс жағдай бола қалса, бар шығынды жалға алушы өзі төлейді» деп тайға таңба басқандай етіп анық жазылған.
Осындай келісім-шартқа қол қойған жан өз дүниесіне өзі жаны ашып,оны сақтандыру керек еді дейді мамандар. Алайда елімізде бұл жүйенің әлі дұрыс жолға қойылмағаны белгілі. Корпорация өкілдері де бәрі сараптама мен анықтау шаралары аяқталған соң белгілі болады деп отыр.
Қайрат Шәкіржанов, заңгер :
-Өртке кінәлі жандар анықталмай,мен сіздерге шығын өтеу туралы ешқандай уәде бере алмаймын. Сол адам анықталады. Сосын оны сотқа беріп, өз шығындарыңызды заң бойынша талап ете аласыздар.
Бір қызығы, өрт дәл сол корпорацияның есепшісі отыратын бөлмеденшықты дейді саудагерлер. Алайда оның нақты себебін анықтаушылар айтатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!