Астаналық полицейлер велосипедшіден не үшін құжат талап еткендерін түсіндірді
Естімеген елде көп! Астаналық полицейлер велосипед үшін де құжат сұрай бастады. Екі дөңгелекті темір көлігін қаннен-қаперсіз теуіп келе жатқан қала тұрғындарының бірі сондай жағдайға тап болған.
Автор: Ербол Тұрымбет
24.07.2018
Мына көріністе полиция қызметкері жолаушыдан көк кітапшасын сұрап тұр. Айтуынша, велосипедтің темірлеріне қашап жазылған сандар соның ішінде жазылуы тиіс. Ал бұл кісінің ондай құжатты алып жүрмек түгілі, ойында да жоқ. Оның бұлайша бұлқынуынан сескенді ме екен, погонды кісі жолаушыны көп ұстамай жібере салды. Сөйтсе, себебі мынау екен. Осы айдың өзінде қалада 14 велосипед ұшты-күйлі жоғалыпты. Сондықтан, полицейлер қала тұрғындарын велосипедтің өзіне тиесілі екенін растайтын құжатын алып жүруге үндеп жүр. Сондай-ақ, көлігін бақылау камерасы орнатылған жерлерге жақсылап бекітіп қоюға кеңес береді. Ал біреу арзан бағаға ұсынып жатса, оған әуестенбеу керек.
Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:
-Полиция қызметкерлері қазір Астана қаласының аумағында алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алуға бағытталған. Мысалы 150 мың тұратын велосипедті ол тым төмен бағаға сатқан кезде ол ойлану керек, қайдан келген бұл велосипед деп?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!