{metadescription}
Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен Өзбекстан азаматтарына қатысты жаңа деректер шықты
Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен Өзбекстан азаматтарына қатысты жаңа деректер шықты

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен Өзбекстан азаматтарына қатысты жаңа деректер шықты

Ақтөбе облысындағы сот алдын ала тыңдалымында  айып тағылған автобус жүргізушілері сұмдық жайтты  өз ауызымен баяндап берді. Егер көлікті тізгіндеген Таңатаров, Қырғызбаев және Пернебековтың  кінәлері толықтай дәлелденсе, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сондай-ақ, жол бойында өртеніп кеткен 52 азаматтың 8-нің өкілі жүргізушілерден 600 бен 800 мың теңге аралығында моральдық шығын талап етуде. Айта кетейік, автобустың техникалық жағдайына жауап беретін механик пен тасымалдаушы фирманың қожайыны да заң алдында жауап береді. Ал, Нұржан Қырғызбаевтың айтуынша, сапасыз дизель аязда қатып, автобус тоқтап қалған. Көлік іші қатты суығасын, олар үйткіш шамның көмегімен қозғалтқышты жылытпақ болыпты. Алайда, Мақсат Пернебеков қарсылық танытып, бас тартқан. Артынша Қырғызбаев үйткіш шамды тұтатып, салон ішіне қойып қойған. Оның айтуынша, екі жолаушы арасында жанжал туындап, бірі шамды теуіп қалған. Бір қызығы, жанжалды бастап, өрттің шығуына себепші болған өзбек азаматы тірі қалғанымен айыптылар қатарында жоқ. Ал негізгі сот отырысы тамыздың 7-не жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде