{metadescription}
Орман өрті өршіп барады
Орман өрті өршіп барады

Орман өрті өршіп барады

Грекияда алапат өрттен қаза тапқандардың саны 79 адамға жеті. Ел астанасы Афинаға дейін жақындаған орман өрті жолындағының бәрін жалмап, күлге айналдырған. Құтқарушылар өртенген үйлердің ішінен әлі де өрт құрбандарын іздестіріп жүр.

Сондай-ақ, жүздеген өрт сөндірушілер Афина маңайында тілсіз жаумен тынымсыз арпалысып жатыр.  Қазірдің өзінде ауруханаға денесін түрлі күйік шалған 180 адам жеткізіліпті. Ал, қызыл жалынның қарқынынан қорыққан көптеген жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, бас сауғалап қашқан. Кейбірі от пен түтіннен құтылу үшін жағажайларды паналапты. Алайда, ол жерде де қауіп күшейгесін Грекияның теңіз шекарашылары 700-ден астам адамды  көшіріп үлгерген. Отқа оранған Грекияға Еуроодақтың бірнеше мемлекеті көмек қолын созуда. Елде төтенше жағдай жарияланды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.