{metadescription}
Петропавлда президенттер кездесуі алдында егілген шыршалар қурап қалды
Петропавлда президенттер кездесуі алдында егілген шыршалар қурап қалды

Петропавлда президенттер кездесуі алдында егілген шыршалар қурап қалды

Мәртебелі меймандарды күте-күте сарғайды. Петропавлда күзде шекаралас елдердің форумы өтеді деп жоспарланған. Соның қарсаңында атқамінерлер қаладағы ескі ағаштарды кесіп, орнына  жаппай шырша отырғызған еді.  Алайда, қылқан жапырақтылардың  дені шаһар топырағын жерсінбей, қурап қалған.   

Тұрғындар түсірген мына көріністерде сол сарғайған шыршаларды жеті түнде белгісіз біреулер тамырымен қазып алып, көлікке артып жатыр.  Әлеуметтік желіде  жұрт әкімдіктің бұл тірлігін  желге ұшырған қыруар қаржысын жасыру үшін  әдейі істеп отыр деп айыптаған еді. Тек биыл ғана қала көшелеріне 22 миллион теңгеге мың жарымнан астам шырша отырғызылған екен. Оның әрбір төртіншісі сарғайып, қурап қалыпты. Енді оны мердігер компания қазып алып, күзде қайта отырғызмақшы. Өйткені олар әр шыршаға кепілдік берген екен.

Дәурен Зейнуллин, Петропавл қалалық ткш бөлімінің бас маманы:  

-Күндіз мердігердің техникасы өзге нысандарда жұмыс істейді. Сондықтан олар түнгі аусым ұйымдастырып, барлық жұмыстарды қараңғыда  атқарып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде