{metadescription}
Шенеуніктер шетелдің қымбат көлігін сатып алуын доғарар емес
Шенеуніктер шетелдің қымбат көлігін сатып алуын доғарар емес

Шенеуніктер шетелдің қымбат көлігін сатып алуын доғарар емес

Биылдың өзінде ақжағалыларға қызметтік машина алу үшін қазынадан 700 миллион теңге жұмсалыпты. Дегенмен,  бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз.

ОЛЕГ АЛФЕРОВ, «ҚАЗАВТОӨНЕРКӘСІП» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Мемлекеттік мекемелерге тиесілі шетел  көліктерінің үлесі азайып келеді. Яғни, ондағы әрбір 20-сыншы көлік қана  импорттық. Қалғаны Қазақстанда құрастырылған машиналар. Әсіресе, шенеуніктер тарапынан соңғы кездері KIA мен SKODА-ға сұраныс көп. Ал, аудан, ауыл әкімдіктері жол талғамайтын Нива  машинасын алады.

Ал, астаналық шенеуніктердің көбі жапон көліктерін сатып алуға әуес. Көздің жауын алатын сүліктей көліктер мықтылығы жағынан бірінен бірі асады. Биыл да олардың қатары қымбат джиптармен толығыпты. Мәселен, «Қазавтожол» мекемесі екі бірдей Toyota land cruiser 200 көлігін сатып алған. Әрқайсысы 30 миллион теңгедей тұрады екен. «Қазавтоөнеркәсіп» одағы шенеуніктердің қымбат көлікке деген мұндай тәбетін басу үшін, мемелекеттік сатып алуға өзгеріс енгізуді ұсынған болатын. Ол қабылданып жатса, қызметтік көлік үшін жаппай отандық  машиналар ғана алынбақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде