Алматы тұрғыны Денис Тенге Халық қаһарманы атағын беруді талап етті
Алматы тұрғыны Денис Тенге Халық қаһарманы атағын беруді талап етті
25.07.2018
Бүгін қоғамдық кеңестің отырысында Алматы тұрғыны осындай ұсыныс айтты. Әлнұр Ілияшовтың пікірінше, спортшы ерлікпен қаза тапқан.
Әлнұр Ілияшов, Алматы қаласының тұрғыны:
-Денис қорыққан жоқ. Ол осы қылмыскерлердің артынан барды. Өзінің мүлкін қорғау үшін. Әділдік үшін күресіп қаза тапты. Сондықтан оған Халық қаһарманы атығын беруді ұсынар едім.
Бұл бастаманы қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов та қолдап отыр. Және ол бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, мәнерлеп сырғанау шебері, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің құрметіне спорттық нысанның атын беру мәселесі де қаралып жатыр деді. 25 жастағы спортшы көлігінің айнасын ұрлап әкетпек болған қос қарақшының қолынан қаза тапқанын айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!