Алматыда көлік қағып ажалдан аман қалған балаға пластикалық ота жасалады
Алайда, бас сүйегінің ақауын қалпына келтіретін операция қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз. Себебі, қатты соққыдан неше күннен бері әзер есін жиған 5 жасар Дінмұхамедтің жағдайы әлі де ауыр.
Автор: Мақсат Мәлік
25.07.2018
Пластикалық ота кепілдендірілген тегін көмек аясында жасалады деген дәрігерлер, баланың денсаулығы қалпына келу үшін біраз уақыт керектігін айтады. Қазір мамандардың бақылауындағы бала тілге келгенімен, ағзасы өте әлсіреп қалған екен. Естеріңізге салсақ, бүлдіршінді 10 шақты күн бұрын Шығыс айналма жолының жиегіне шала-жансар қалпында әлдекім кілемге орап тастап кеткен болатын. Ал, Дінмұхамедті жүргіншілер байқап, ажалдан аман қалып қалды. Бірақ, ізін суықтан көлік иесі сол күйі табылған жоқ. Полицейлер күдіктімен бірге оқиға куәгерлерін де іздестіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!