{metadescription}
Алматыда ұлттық консерватория жатақханасын жөндеген құрылысшылар ақшасыз қалды
Алматыда ұлттық консерватория жатақханасын жөндеген құрылысшылар ақшасыз қалды

Алматыда ұлттық консерватория жатақханасын жөндеген құрылысшылар ақшасыз қалды

Алматыда Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория жатақханасына былтыр күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылысшылар наразылық білдірді. Студенттер үйін адам танымастай етіп өзгерткен олар алты айдан бері жалақыларын ала алмай сенделіп жүр. Музыкалық білім беретін мекемедегі ауыс-түйістен кейін еңбекақыларын алу тіптен қиындаған. Себебі, мемлекеттік нысанды тендерсіз қалпына келтірткен консерваторияның бұрынғы басшыларынан еш хабар жоқ.

Маңдай тер ақыларына қол жеткізе алмай жүрген құрылысшылар жұмыс берушілерге бүгін тағы барды. Күнде «ертеңмен» жүрген басшы жалақыны мамыр айында берем деп уәдені үйіп-төгіпті. Содан бері басшыны да, қосшына да таппаған жұмысшылар тіршіліктен тарығып, жандары әбден қиналған.

Балжан БАЙДІЛДӘНОВА жұмысшы:

- Біз бірінші қабатта 5  бригада жұмыс істедік. Біздің өзімізге 2 миллион қарыз. Әрқайсымыздың жағдайымыз бар. Бәріміз пәтерде жүрміз. Еңбегімізді беру керек қой.

Өткен жылы қыста аты дардай Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория жатақханасының қабырғасын әктеп-сылап, есік-терезесін орнатып, толығымен жөндеуден өткізген жұрт еңбекақыларын кімнен сұрарын білмей дал. Себебі, келісім-шартқа отырған мемлекеттік мекеменің ректоры мен орынбасары қызметтерінен бір айдан аса уақыт бұрын босатылды. Олар құрылыс компаниясына 28 миллион теңге берешек.

Марат НҰРЛЫБЕКОВ құрылыс компаниясының директоры:

-Үкіметке қарасты болған соң бұлай болады деп ойламадық. Сендік 100 пайызға. Енді жаңадан келген басшылар "біз сіздермен келісімге отырмадық. Ақшаны төлмемейміз",- дейді. Бұрынғы басшыларға хабарластық. Телефондарын алмайды.

Музыкалық білім беретін мекеме өздеріне шаң жуытар емес. Олар мемлекеттік нысанға  тендерсіз жөндеу жүргізген ректордың бұрынғы орынбасарына бар кінәні үйіп-төкті. Оқу ордасының атына кір келтірген экс-басшылардың былығын әшкерелеу үшін тиісті органдарға шағымданамыз дейді.

Жәнібек КӨРПЕБАЕВ Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория ректорының кеңесшісі

-Келісім-шарт тіркелмеген мемлекеттік порталда. Біздің мәліметіміз бойынша, белгіленген сомадағы қаражат оларға аударылған. Мемлекеттік бюджеттен. Ол қаншалықты заңды екенін заңды органдар анықтайды. Біздің мақсатымыз сол органдарға беру

Айта кетейік, консерваторияның басшылығы өткен айда ғана ауысқан болатын. Осы оқу ордасын 21 жыл басқарған белгілі фортепианошы Жәния Әубәкірова сол кезде қызметінен кетті.

-Бір айдан кейін 600 студент кіруі тиіс мына жатақхананы құрылысшылар адам танымастай өзггертті. Енді, оларға маңдай тер еңбек ақыларын кім беретіні белгісіз. Сондықтан жұмысшылар еңбек инспекциясы мен прокуратураға арызданамыз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.