Алматының автобөлшек сататын базарларында арнайы операция өтіп жатыр
Алматыда жүзден астам полицей жұмылып бір нашақорды ұстады. Тәртіп сақшылары сол үшін Жібек жолы базарын аяқтан тік тұрғызған. Жолдар жабылып, сауда орны қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары құдды бір террористі ұстағандай әрекет етіпті. Қарулы полицейлерді көргенде нашақор абдырап, күдікке іліккен.
25.07.2018
Талғат Телекенов:
-Б алалар алып келіп берген. Анда - санда бір шегем болды.
-Неге лақтырдыңыз?
-Жооқ. Ашып едім шашылып қалды.
Оның көлігін тінтіген полицейлер ақ қағазға оралған шөп тапты. Бұған дейін де есірткі қолданғаны және сақтағаны үшін де сотталған. Соңғы жолы абақтыға көлік ұрлағаны үшін түскен Жамбыл облысының тумасы бостандыққа бір жарым жыл бұрын ғана шығыпты. Теннің қазасынан кейін жүргізіліп жатқан ірі рейдтің нәтижесі әзірге осы ғана. Ал базарды тексеріп жүрген пагон таққандар ұрланған көлік бөлшегін сатып алған саудагерлерді де аямаймыз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!